1 / 3
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Жаңабазар ауылы округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдық округте атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындармен ашық пікір алмасу, халықтың талап-тілегін тыңдау және өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтқанда, Үлгілі елді мекеніндегі көпірге жарықтандыру орнату, Жаңаталап елді мекеніндегі ауыз су құбырларының бетін жабу және жол кедергісін орнату, Тілектес елді мекеніндегі 6 шақырым жолға шағал төсеу, бұрынғы клубтың орнына аллея салу, Бейнеткеш елді мекеніне асфальт төсеу және көше жарығын орнату мәселелері көтерілді. Сонымен қатар арық-атыздарды тазалау жұмыстарына арнайы техника бөлу жөнінде өтініштер айтылды.
Аудан әкімі тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Сондай-ақ Жаңабазар ауылы округінің әкімі Асқар Ақжоловқа және жауапты сала басшыларына айтылған мәселелерді назарға алып, заң талаптарына сәйкес зерделеуді, мүмкіндігіне қарай жоспарға енгізіп, кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Тұрғындармен мұндай ашық кездесулер халықтың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешілуіне ықпал ететін маңызды алаң болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









