Қазақстан мен Финляндия ЕКПА аясындағы парламентаралық диалогты нығайтуда

    Хельсинки, 2026 жылғы 10 қараша– Парламентаралық диалогты және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен( ЕКПА)өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Елшісі АзаматӘбдіраимовФинляндия Парламентінің депутаты, ЕКПА-дағы фин делегациясының басшысы Туула Хаатайненмен кездесу өткізді.

    Сұхбатбарысында тараптар қазақ-фин қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларынаоңбаға беріп, жоғары жәнееңжоғары деңгейлердегі белсенді саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық көрсеткіштерінің қалпына келуіндегі оң үрдісті атап өтті.

    Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға, оның ішінде ЕКПА-мен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталып, аталған барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдап отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары