КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    1 / 3

    Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған автокөлік құралдарын сату жөніндегі 2026 жылға 20 қазандағы аукцион оған қатысуға өтінімдердің түспеуіне байланысты өткізілмеді.

    Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі автокөлік құралдарын бағаны төмендету әдісімен сату жөніндегі аукционның өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Сауда-саттық өткізу әдісі: бағаны төмендету.

    Аукцион 2026 жылғы 12 қарашада сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: 00570 Хельсинки қ., Хопеасалментие көш., 4.

    Сату объектілері (Лоттар) туралы мәліметтер:

    №1 лот:

    Жеңіл автомобиль

    Маркасы: BMW 520d

    Түсі: Қара

    Шығарылған жылы: 2012

    Жүрілген жолы: 129 358 км

    Қозғалтқыш көлемі: 1995 см3, дизель

    Жалпы жағдайы: техникалық жарамды, алайда толыққанды пайдалану үшін қосымша шығындарды талап етеді

    Бастапқы баға: 12 600,00 (он екі мың алты жүз) еуро 00 цент.

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 630,00 (алты жүз отыз) еуро 00 цент.

    Бағаны төмендету бойынша аукцион қадамы 5%: 630,00 (алты жүз отыз) еуро 00 цент.

    Ең төменгі бағасы: 2 940,00 (екі мың тоғыз жүз қырық) еуро 00 цент.

    №2 лот:

    Жеңіл автомобиль

    Маркасы: Mercedes-Benz Vito

    Түсі: Сұр

    Шығарылған жылы: 2012

    Жүрілген жолы: 206 234 км

    Қозғалтқыш көлемі: 2143 см3, дизель.

    Жалпы жағдайы: техникалық жарамды, алайда толыққанды пайдалану үшін қосымша шығындарды талап етеді

    Бастапқы баға: 11 100,00(он бір мың жүз) еуро 00 цент.

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 555,00 (бес жүз елу бес) еуро 00 цент.

    Бағаны төмендету бойынша аукцион қадамы 5%: 555,00 (бес жүз елу бес) еуро 00 цент.

    Ең төменгі бағасы: 2 590,00 (екі мың бес жүз тоқсан) еуро 00 цент.

    Қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі:

    Аукционға өтінімді уақтылы берген және кепілдік жарнаны енгізген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

    Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 00570 Хельсинки, Хопеасалментие 4.

    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 11 қараша сағат 11.00-ге дейін.

    Ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.

    Жеңімпаздың кепілдік жарнасы автокөліктің сатып алу құнының есебіне жатқызылады. Қалған қатысушыларға жарналар 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

    Қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мыналарды ұсыну қажет:

    • Белгіленген нысандағы өтінім;
    • Жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • Заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңды тұлғаның Финляндия Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    • Кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.

    Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе шетелдік тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасалған, шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысан бойынша берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі консулдық заңдастыру болған немесе апостиль қойылған кезде қабылдайды.

    Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне ұсынылған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

    Сауда-саттыққа қатысушылар кепілдік жарнаны төлеу және өтінім беру алдында осы хабарландырумен, шарт жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жағдайын қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті қандай да бір жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдардан және тіркеуді немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты өзге де шығыстардан босатуды талап ете алмайды.

    Егер сауда-саттық жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі, ал енгізілген барлық төлемдер, оның ішінде кепілдік жарна да қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударғаны үшін банк комиссиясы сауда-саттық қатысушыларына қайтарылмайды. Сауда-саттықтағы сөз байласу (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген басқа түрлері қатаң тыйым салынады.

    Кепілдік жарнаны аударуға арналған деректемелер:

    Алушы: Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі

    Мекенжайы: 00570 Хельсинки қ., Хопеасалментие 4

    Есеп айырысу шоты: № FI81 1820 3000 0330 43

    Алушының банкі: NORDEA BANK

    Swift: NDEAFIHHXXX

    EUR

    Төлем мақсаты: № (нөмірін көрсету) Лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

    Сатып алушының міндеттері және автокөліктерді алу:

    Ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушы сауда-саттық аяқталғаннан кейін Аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.

    Автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып) сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.

    Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге қатысты барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.

    Мүлікпен танысу және байланыс деректері:

    Автокөліктердің техникалық жағдайымен, құжаттар топтамасымен танысуға және өтінім бланкін алуға болады: 00570 Хельсинки қ., Хопеасалментие 4, жұмыс күндері сағат 09.30-дан 17:30-ға дейін.

    Анықтама телефондары: +358 9 4247 2048, +385 9 4247 2040

    Электрондық пошта: [email protected]
    [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары