Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, жол ережелерінің сақталуын бақылауда.
Кезекті бақылау барысында Кентау қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері әуеден түсірілген бейнежазба арқылы 31 жастағы жүргізушінің қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққанын анықтады.
Құқық бұзушылық бейнежазбаға тіркеліп, әкімшілік шара көрілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Заманауи технологиялар жолдағы тәртіпті бақылауға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Тәртіп сақшылары қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін аса қауіпті әрекеттердің бірі екенін ескертеді. Сондықтан әрбір жүргізуші жол ережесін қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









