Түркістан облысының полицейлері өңір тазалығын сақтау бағытында тек бақылау жүргізіп қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да басымдық беруде.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жетісай ауданында да жалғасуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен көшелерді аралау кезінде тазалық талаптарын елемеген бірнеше тұрғынды анықтады.
Атап айтқанда, Жетісай қаласындағы Отан сауда орталығының алдында темекі тұқылын жерге тастаған азаматқа қатысты материал рәсімделіп, сотқа жолданды.
Ал тағы бір тұрғын үйінің алдындағы көше бойында жиналған топырақ пен тас үйінділерін уақытылы тазаламағаны үшін айыппұл арқалады.
Полиция қызметкерлері мұндай жағдайларда әкімшілік шара қолданумен қатар, тұрғындарға тазалықты сақтаудың маңызын түсіндіріп, ортақ пайдаланылатын аумақтарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Өйткені таза орта қалыптастыру тек арнайы қызметтердің емес, сол аумақта тұратын әрбір адамның жауапкершілігі. Қоғамдық орынның тазалығы әркімнің өзінен басталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









