Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ұйымдастыруымен, «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» емханасының дәрігерлерімен бірлескен семинар-кеңес өткізіп, отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. № 6 МӘС бөлімінің 2026 жылы 9-айда атқарған жұмысының қорытындысы. Сырқат түрлері бойынша алғашқы рет мүгедек деп танылғандарды талдау. Аудан бойынша мүгедектігі бар адамдардын жалпы саны. Қайта куәландыру нәтижелері. Сонғы 3 жылдағы (2024-2025-2026) динамикасы туралы ақпарат.
2. 2026 жылы III-ші тоқсанда МӘС-те көзбе-көз және сырттай проактивті куәландырылған «Негізсіз жолданған» және «Сапасыз толтырылған» науқастарды талдау.
3. Облыс прокуратурасының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оңалту шараларын тағайындау барысында орын алып жатқан заң бұзушылықтарды жою бойынша 29.09.2026ж. өткен мәжілістің хаттамасына сәйкес мүгедектік топтары мерзімсіз тағайындалған азаматтарды дәрігерлік консультативтік кеңестің қорытындысымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне жолдауын қамтамасыз ету.
4. 7 – жасқа толған мүгедектігі бар балаларды МӘС-ке жолдау.
5. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









