«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 5
«Суды үнемде – болашақты сақта!» экологиялық сағат
2026 жылғы 9 қараша күні аудан мектептерінің 9–11 сынып оқушылары «Суды үнемде – болашақты сақта!» бірыңғай республикалық экологиялық сағатқа қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар онлайн трансляцияға қосылып, су ресурстарын тиімді пайдалану, суды үнемдеу мәдениеті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.
Сонымен қатар интерактивті ойындар мен ашық диалог арқылы оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Суды үнемдеу – әр адамның жауапкершілігі, болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








