📢 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    1 / 5

    Отырыста балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды.

    Сонымен қатар есепте тұрған және өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргізу, жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, оқушылардың мектепке бару және қайту жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Бұдан бөлек, ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін үш заңды өкілге қатысты полиция бөлімінің ұсыныстары және бір отбасына көмек көрсету жөніндегі ұсыныс қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы комиссияның бақылауына алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шал ақын ауданының әкімдігі" жаңалықтары