1 / 5
Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау және діни атрибуттарды тағудың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу, қолайсыз отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды.
Отырыс барысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша бір материал қаралып, тиісті шаралар қабылдау мәселесі қарастырылды.







