ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері туралы
2026 жылғы 12 қазан
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 2 қазандағы № 139 қаулысын қабылдады.
Қаулы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жекелеген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және қаржы нарығын цифрландыру туралы заңнаманың өзгерістеріне сәйкес келтіруді көздейді.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы









