Тіл саясаты мен ономастика саласындағы жұмысты ұйымдастырудың құқықтық негіздері түсіндірілді

    1 / 5

    Үржар ауданында жергілікті атқарушы органдардың мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама талаптарын бірізді қолдануды қамтамасыз ету және тіл саясаты мен ономастика саласындағы жұмыстардың сапасын жетілдіру мақсатында облыстық семинар өтті.

    Семинар барысында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ә.Н. Байжұманова тіл саясатын іске асыру, ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру нормалары мен жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілердің негізгі талаптарын түсіндіріп, жергілікті жерлерде ономастикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері бойынша ұсынымдар берді.

    Іс-шараға Үржар ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Сеильгазин, Үржар және Мақаншы аудандарының ауылдық округтерінің әкімдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл саясаты және ономастика саласына жауапты мамандары қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары