Аягөз ауданында тіл саясаты мен ономастика мәселелері талқыланды

    1 / 5

    Іс-шараға Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ә.Н. Байжұманова мен бас маманы И.А. Кусманова қатысып, ауылдық округтердің әкімдері мен тілдерді дамыту саласына жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, ономастика саласындағы заңнама талаптарын сақтау, елді мекендер мен көшелерге атау беру және оларды қайта атау тәртібі, сондай-ақ көше атаулары жазылған маңдайшаларды қолданыстағы талаптарға сәйкес рәсімдеу мәселелері қарастырылды.

    Сонымен қатар, ономастика саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және осы бағыттағы жұмыстарды заңнамаға сәйкес ұйымдастыру бойынша түсініктемелер берілді.

    Іс-шараның мақсаты – тіл саясаты мен ономастика саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру, жауапты мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және аудан көлемінде аталған бағыттағы жұмыстардың қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары