Абай облысында мемлекеттік тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Сөз дода» шешендік өнер байқауы өтті.
Байқауды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Алматы қаласындағы «Ділмар» шешендік өнерді дамыту клубымен бірлесіп ұйымдастырды.
Биылғы шешендік өнер байқауы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойларына арналды.
Облыстың әр ауданынан қатысқан оқушылар өздерінің шешендік қабілеті мен сөз саптау шеберлігін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орындв – Аягөз ауданынан Бақаш Аяла;
ІІ орынды – Үржар ауданынан Омар Сезім;
ІІІ орынды – Абай ауданынан Кенжебекқызы Жәнел және Жарма ауданынан Нағашыбай Аяжан өзара бөлісті.
Жеңімпаздар мен қатысушылар Басқарма басшысының арнайы дипломдарымен, алғыс хаттарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Сөз қадірін ұғынған ұрпақ – ұлт руханиятының жалғасы. Ана тілінде еркін сөйлеп, ойын көркем жеткізе білетін жас ұрпақтың қалыптасуына жол ашатын осындай тағылымды шаралардың маңызы зор!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









