2026 жылғы 28 қазанда Шымкент қалаcы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен « Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс тәсілдері »семинар-тренингіөтті.
Семинардың мақсаты – тілдерді оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ұтымды пайдалану, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгерту және білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру.
Семинар жұмысықазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі секцияларына бөлінді.
Семинарда өз баяндамаларымен:
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушысы, магистр Олжас Маратұлы Сүлеймен;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Амангелдіұлы Есентаев;
«Stydylink Shymkent» ағылшын тілі мектебінің IELTS репетиторы Mr.Adolph Kellyжәне орталық мұғалімдері қатысты.
Семинар қатысушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға арналған цифрлық платформалармен танысып, олардың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







