«Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» КММ

    Жалпы ақпарат

    «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мәдениет және өнер, тілдерді дамыту және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға Шымкент қаласының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІ БАТЫРБЕК ӨТЕПТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

    Шымкент қаласындағы Концерттік-көрме орталығында қазақтың ұлттық гобелен өнерінің дамуына зор үлес қосқан суретші Батырбек Туғанбайұлы Өтептің 80 жылдығына арналған «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты көрме өтті. Мерейтойлық көрме суретшінің бай шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, ұлттық өнердің көркемдік қуаты мен рухани құндылығын дәріптеуге арналды. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз сөйлеп, суретшінің қазақ өнеріндегі орны мен оның еңбектерінің кейінгі ұрпақ үшін маңызына тоқталды. Сонымен қатар ол Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді. Сәрсен Құранбек өз сөзінде суретшінің шығармашылық мұрасын сақтап, туындыларын насихаттауға және есімін кейінгі ұрпаққа танытуға үлес қосып жүрген суретшінің жары Бибайша Өтеповаға алғыс білдірді. Көрме аясында суретшінің өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетілді. Келушілер назарына шебердің 34 гобелен туындысы мен 20 фотосуреті ұсынылды. Батырбек Өтеп – КСРО Суретшілер одағының мүшесі, кәсіби суретші әрі ұстаз. Ол Шымкенттегі Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет училищесінің ашылуына атсалысып, қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен дәстүрлі көркемдік нақыштарын гобелен өнерінде жаңаша бейнеледі. Осы арқылы Қазақстандағы қолданбалы өнердің дамуына өзіндік үлесін қосты. Суретшінің 30-дан астам еңбегі Қазақстан гобелен өнерінің алтын қорына енген. Көрмеге зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, суретшінің отбасы мүшелері, жастар, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    27 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

    Шымкентте Ұлттық мереке – Республика күні кең көлемде тойланып, Астана алаңы ән мен жырға бөленді. Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күйге енді. 24–25 қазан күндері Шымкент қаласындағы Астана алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Еліміздің басты мерекелерінің бірі аясында өткен іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рух пен елдік құндылықтарды ұлықтаған жарқын мерекеге ұласты. 24 қазан күні танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар көпшілікке әсем әуендерін тарту етті. Сахна төрінде Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, Әділет Жауғашар, Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы және Еркеш Хасеннің өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал 25 қазан күні мерекелік бағдарлама жалғасын тауып, Астана алаңы тағы да өнер мен әуеннің ордасына айналды. Бұл күні сахнада Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мадина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков, Jazz Dauren және «Жошы» этноансамблі өнер көрсетті.

    25 қазан 2026 ж. – 26 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті 2025 жылғы 3 сәуір күні Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орындарында («Алаш», “Баян сұлу”, “ Mega Planet”) «Сәтті жарнама» акциясы өтті. Акцияның мақсаты-«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және көрнекі ақпарат пен жарнаманың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін қадағалау. Акцияның нәтиежесінде: 187 коммерциялық нысан тексерілді; 48 нысанға заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді; Кәсіпкерлерге әдістемелік көмек ретінде брошюралар таратылды. Аталған шараға бес аудан әкімдіктері мен Шымкент қаласында тіл заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

    4 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкент қаласында «1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне» орай және сатирик, қоғам қайраткері К. Әмірбектің 75 жылдығына арналған «ШЫМКЕНТ ДУМАН» әзіл-сықақ республикалық фестивалі шымылдығын түрді! Фестивальдің мақсаты – сатира жанры мен осы сала әртістерінің қызметін дамыту. Фестивальдің ашылуында қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтіп, өнерпаздарға дәстүр бойынша құрмет көрсетілді. Фестиваль аясында қазақ сатира өнерінің майталмандары Бауыржан Ибрагимов, Мұхтар Шерім, Берік Тұрсынбеков, Жұлдызай Дүйсенбиева бастаған қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, ең мықтыны анықтайтын болады. Фестивальге қатысушы театр ұжымдары Алматы қаласы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан келді. Айта кету керек, фестиваль жеңімпаздары ертең сағат 19:00 – де “Тулип хол” ғимаратының концерт залында өтетін гала-концертте марапатталатын болады.

    2 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ Күні кеше Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, қала нағыз мерекелік атмосфераға бөленді. «Астана» алаңынан бастап, шаһардың барлық аудандары мен алаңдарында думанды шаралар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Домбыраның күмбірлеген үні, жаңа піскен бауырсақтың аңқыған иісі, балалардың шат-шадыман күлкісі – бәрі-бәрі Наурыз мейрамының шынайы рухын сезіндірді. «Астана» алаңында бой көтерген этноауыл келген қонақтарды ерекше әсерге бөлеп, қазақтың бай мәдени мұрасын көрсетті. Ал алаңда орналасқан сахнада 500 адамның қатысуымен «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіліп, көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Ал ұлттық ойындар, әжелеріміздің салған әндері мен ақсақалдарымыздың батасы, алтыбақан аясындағы жастардың көңілді сәттері – осының бәрі мейрамың көркін қыздыра түскендей еді. Алаңға жиналған көпшілік алып батырлар мен суретке түсіп, бүркітшілер өнерін тамашалады. Сонымен қатар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Бұдан бөлек, ұлы тұлғаларға арналған көрмелер ұйымдастырылып, Наурыздың танымдық маңызы да арта түсті. Кешкі 19:00-де қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өткен гала-концерт мерекенің шарықтау шегіне айналды. Отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев, Дастан Оразбеков, Альзаби, Зируза, сондай-ақ әлемге әйгілі әнші Джонатан Дассин өнер көрсетіп, халыққа ұмытылмас кеш сыйлады. Гала-концерттің соңы отшашумен аяқталып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше ұмытылмас әсер сыйлады.

    1 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ!

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау «Астана» алаңында басталды. Алаңда орналасқан сахнада 500 адамның қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, алаңға жиналған көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да тартысты өтіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл күнді қала тұрғындары мен қонақтары бір-біріне жылы тілектерін айтып, ұлттық дәстүрлер мен жоралғыларды тамашалап, Наурыз мейрамының мәнін терең сезінді. Айта кету керек, 19.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астана» алаңында мерекелік гала-концерт жалғасатын болады. Наурыз мерекесі баршаға құтты болсын!

    1 сәуір 2025 ж.Тікелей
    Ақпарат

    Елорда төріндегі үш күн: Шанин театрының қойылымдары аншлагпен өтті

    Елорда төріндегі үш күн: Шанин театрының қойылымдары аншлагпен өтті. Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының Астанадағы гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Үш күн бойы елорда сахнасында өнер көрсеткен ұжым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 8-9 қазан күндері «Тастамашы, Ана!» драмасы балалар үйіндегі тағдыр, ата-анаға деген сағыныш және отбасы жылуының орны суреттелді. Ал, 10 қазан күні «О, Қала!» музыкалық драмасы белгілі композитор, әнші Ержан Серікбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Екі қойылым да аншлагпен өтіп, шымкенттік өнер ұжымына көрерменнің ықыласы ерекше болды. Елордадағы гастроль аяқталғанымен, театр сапары жалғасады. Өнер ұжымы енді Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларына жол тартады

    Жарияланды: