Елорда төріндегі үш күн: Шанин театрының қойылымдары аншлагпен өтті

    «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» КММ

    Елорда төріндегі үш күн: Шанин театрының қойылымдары аншлагпен өтті.

    Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының Астанадағы гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Үш күн бойы елорда сахнасында өнер көрсеткен ұжым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 8-9 қазан күндері «Тастамашы, Ана!» драмасы балалар үйіндегі тағдыр, ата-анаға деген сағыныш және отбасы жылуының орны суреттелді.

    Ал, 10 қазан күні «О, Қала!» музыкалық драмасы белгілі композитор, әнші Ержан Серікбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Екі қойылым да аншлагпен өтіп, шымкенттік өнер ұжымына көрерменнің ықыласы ерекше болды. Елордадағы гастроль аяқталғанымен, театр сапары жалғасады. Өнер ұжымы енді Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларына жол тартады

    Жүктеу
    6e25cf173e1da99560168651b592fbfc7796e074c2916934f71464d7f087f575_original.190118.jpeg
    JPEG · 186 КБ
    Жүктеу