ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы елшісі Салах Джабубпен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
Мәди Төкешұлы Салах Джабубты қызметке тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық миссияға табыс тіледі. Министрдің айтуынша, Қазақстан Оман сұлтандығымен достық әрі өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән беріп келеді.
Бұдан бөлек екіжақты қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективалары, сондай-ақ Оман Сұлтандығының Еуразиялық даму банкіне қосылу үдерісі аясындағы өзара іс-қимыл пысықталды.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы қаржылық-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған сындарлы диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







