2026 жылғы 8 қарашада өткен Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауында сайлаушылардың көпшілік дауысына ие болған Күнту Мади ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Аудан әкімі Ермек Карентаев жаңадан сайланған әкімді ұжыммен және ауыл тұрғындарымен таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Кездесуге қатысқан тұрғындар да жас әкімге ізгі тілектерін білдіріп, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Күнту Мади 1995 жылғы 23 қарашада Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2017 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде инспектор болып бастаған.
2017–2019 жылдары аталған мекемеде инспектор, 2019–2020 жылдары «Дидар» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, 2020–2023 жылдары Мойынқұм ауданы білім бөлімінің Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылғы 15 маусымнан бастап осы уақытқа дейін Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








