2026 жылғы 5 қарашада Целиноград ауданы әкімдігінің ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі шарттардың орындалуына камералдық бақылау жүргізу мәселелері және «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің жұмысы бойынша жалақы жіберу кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік деңгейде семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері, сондай-ақ Целиноград ауданы әкімдігінің білім, ішкі саясат, спорт, мұрағат бөлімдерінің басшылары мен мамандары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар талқыланған тақырыптар бойынша белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Департамент өкілдері сұрақтарға жауап беріп, камералдық бақылаудың өзекті мәселелері және онлайн бюджеттік мониторинг бойынша практикалық түсіндірмелер берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









