Тұрғындарға заңгерлік және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 06 қараша күні Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 18-тармағын орындау мақсатында, округ тұрғындарына заңгерлік құқықтық көмек көрсету үшін Жағатал ауылдық округ әкімшілігінде аудандық мекеме және бөлім басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

    Кездесуге Алакөл ауданының прокуроры С.Байбатыров, Ақсу ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы Ш.Жагипарова, Алматы облысының заң кеңесшілері палатасы заң кеңесшісі «QORGAU» жобасының құқық қорғаушысы Г.Молдахметова, нотариус А.Капашова, аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімшесінің басшысы Р.Омарбекова, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласының өкілі қатысты.

    Кездесу барысында ауыл тұрғындары жер қатынастары, құқықтық мәселелер бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Тиісті сала басшылары мен мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер мен кеңестер берді.
    Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, халықтың өзекті мәселелерін жергілікті жерде талқылауға және шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. орыс тіліне аударып берші

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Государственное Учреждение Аппарата акима Жагаталского сельского округа" жаңалықтары