Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

    Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

    Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

    Бүгін, 2 қазан күні, Ұстаздар күніне орай Жағатал ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті.
    Іс-шара барысында Жағатал ауылдық округінің әкімі ардагер ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарға ізгі тілегін білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.
    Сонымен қатар, Қабанбай батыр атындағы орта мектептің бірқатар ұстаздарына білім беру саласындағы қажырлы еңбегі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі үлесі үшін округ әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
    Мерекелік шараның соңы Қазақстан ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырған әсем ән мен күмбірлеген күйге толы концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздардың өнері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
    Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің шамшырағы. Еңбегі еленіп, құрметке бөленген ұстаздардың мерейі әрдайым үстем болсын! Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, зор денсаулық және еңбектеріне толағай жетістік тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары