Жетісу облысында 300 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

    «Заң мен тәртіп»қағидатын ілгерілету туралы Президентіміз Қасым-ЖомартТокаевтың тапсырмасы негізіндегі Бас Прокурор Берік Асыловтың нұсқауын орындау мақсатында Жетісу облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп «Еңбекпен – тәртіпке, тәртіппен – табысқа» атты облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде 300 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

    Шараға Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов, облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

    100-ден астам жұмыс беруші 700 -ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге 789 жұмыссыз азамат, оның 300 -ден астамы жастар.Одан бөлек түзу жолға түсіп,Отан алдындағыазаматтықборышынөтеп,адал еңбек етем деген жұмыссыз жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған 66 адам үміттеніп келіп қатысты.

    Бұл шараның негізінде әр еңбектенуге ниеттенген азаматтарымызбен қатарпробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардыда жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылды. Оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу – құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі.

    Жәрмеңке қорытындысы бойынша 400 -ге жуық азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды, оның ішінде 300 -і тұрақты жұмысқа орналасты. Тағы 200-ге жуық азаматты субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау көзделді.

    Азаматтарды жұмыспен қамтуға қосқан үлесі үшін 5 жұмыс беруші Жетісу облысы прокурорының, тағы 5 жұмыс беруші облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары