Ақмола облысының тұрғындары сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және қай сайлау учаскесіне тіркелгенін арнайы Telegram-бот арқылы немесе жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған Call-орталықтарға хабарласып біле алады.
Сайлаушылар туралы мәліметтерді нақтылау және тұрғындарға ақпараттық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.
Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін анықтау үшін @Sailau_Aqmo_bot Telegram-ботын пайдалана алады. Сондай-ақ тиісті ақпаратты жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарынан немесе Call-орталықтарға хабарласу арқылы нақтылауға болады.
Ақмола облысы бойынша Call-орталықтардың байланыс нөмірлері:
– Көкшетау қаласы: 109, 87162297865;
– Қосшы қаласы: 87751898923, 87172607888;
– Степногорск қаласы: 87164552049;
– Ақкөл ауданы: 87163820631;
– Атбасар ауданы: 87164324306;
– Астрахан ауданы: 87164122822;
– Аршалы ауданы: 87164451010;
– Біржан сал ауданы: 87163921241;
– Бұланды ауданы: 87164623618;
– Бурабай ауданы: 87163645596;
– Егіндікөл ауданы: 87164221719;
– Ерейментау ауданы: 87163323176;
– Есіл ауданы: 87164721041;
– Жақсы ауданы: 87163521361;
– Жарқайың ауданы: 87164891290;
– Зеренді ауданы: 87163222443,87163222461;
– Қорғалжын ауданы: 87163721286;
– Сандықтау ауданы: 87164091714;
– Целиноград ауданы: 87165130292;
– Шортанды ауданы: 87163121213.
Call-орталықтар арқылы тұрғындар сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерін нақтылап, өздеріне қажетті ақпарат ала алады.
Сайлау учаскесін алдын ала анықтау азаматтардың дауыс беру күні тиісті учаскеге уақтылы баруына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







