Қарағаш ауылдық округінің әкімі Ғ.Ж. Қаратаевтың бастамасымен 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауылішілік жолдарды күтіп ұстау және қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында арнайы техникалардың дайындығына тексеру жүргізілді. Іс-шараға «СтройКомплектГрупп» ЖШС басшылығы, ауыл құтқарушылары және медициналық пункт қызметкерлері қатысты. Тексеру барысында қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы техникалардың дайындығы қаралды.
Аталған шараның басты мақсаты – қысқы кезеңде ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылішілік жолдардың үздіксіз қатынасын сақтау және туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









