«ЖОЛДАУ – БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ»

    2026 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

    Осыған орай Самбай ауылдық мәдениет үйінде «Жолдау – болашаққа нық қадам» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
    Шара барысында Жолдауда айтылған негізгі бағыттар мен басымдықтар талқыланып, қатысушыларға маңызды ақпараттар ұсынылды. Ел дамуының келешегі, қоғамдағы өзекті мәселелер мен болашаққа арналған міндеттер жөнінде ой қозғалды.
    Сонымен қатар қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берілді.
    Шараның ерекше сәттерінің бірі – «Болашаққа хат» атты шығармашылық бөлім болды. Қатысушылар өздерінің Қазақстанның жарқын болашағына деген тілектерін, ой-пікірлері мен ұсыныстарын қағазға түсіріп, арнайы жәшікке салды.

    Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ел болашағына қатысты ойларымен бөлісті.

    Жолдау – ел дамуының бағдары, болашаққа бастар нық қадам!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары