Жұмыскердің жалақыны және өзге де міндетті төлемдерді өндіріп алу құқығын қорғау туралы

    2026 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты еңбек құқықтарын қорғау үшін маңызды мәні бар №81 нормативтік қаулы қабылдады.

    Конституциялық Сот Еңбек кодексінің 160-бабының ережелерін төмендегідей түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп таныды: еңбек даулары бойынша сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімінің белгіленуі, егер жұмыс беруші тиісті сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған болса, қызметкердің Азаматтық кодекстің 178-бабында көзделген тәртіппен талап қоюдың жалпы үш жылдық мерзімі шегінде өзіне тиесілі жалақыны және еңбекке ақы төлеуге байланысты өзге де міндетті төлемдерді, оның ішінде үстеме жұмыс үшін төлемді өндіріп алуды талап ету құқығына кедергі келтірмейді.

    Аталған құқықтық ұстаным азаматтардың еңбек құқықтарын сот арқылы нақты қорғауды қамтамасыз етуге және қызметкердің сотқа жүгіну мерзімнің бір жылдық мерзімі өтіп кеткендіктен ғана өз еңбегімен тапқан ақшалай қаражатты алу мүмкіндігінен айырылып қалуына жол бермеуге бағытталған.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары