Текелі қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті алкогольдік масаң күйде басқару дерегін анықтады.
Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары SAZ маркалы автобусты тоқтатқан. Көлік тізгінінде 59 жастағы жергілікті тұрғын болған.
Тексеру кезінде жүргізушінің автобусты алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Осылайша, ол жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Жетісу облысының Полиция департаменті мас күйінде көлік басқару жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылатынын және азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін ескертеді.
Әсіресе, күн сайын жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беретін қоғамдық көлік жүргізушілеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Құрметті жүргізушілер! Алкогольдік масаң күйде көлік тізгініне отырмаңыздар! Мұндай жауапсыз әрекет орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар.
Жол қауіпсіздігі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








