Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні қарсаңында, 13 қарашада Облыстық клиникалық аурухана қарағандылықтарды тар шеңберлі мамандармен кеңесіп, медициналық тексеруден өтуге шақырады. Барлығы тегін, дәрігердің жолдамасынсыз жүргізіледі. Міндетті шарт - МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Ашық есік күні қабылдауды:
- эндокринологтар: К. К. Бимағамбетов (08: 30-дан 10: 30-ға дейін), Н. Ж. Башпаев (13: 00-ден 14: 00-ге дейін);
- Диабеттік табан орталығының басшысы Е.С. Морозов (09: 00-ден 10: 30-ға дейін);
- нефрологтар: Л. П. Ерошина (08: 30-дан 09: 30-ға дейін), С. С. Сариева (09: 00-ден 10: 00-ге дейін);
- ревматологтар: А. А. Ауканова (10: 00-ден 11: 00-ге дейін), Н. Б. Манап (11: 00-ден 12: 00-ге дейін);
- кардиолог Н. М. Жайлау (сағат 10: 00-11: 00);
- уролог А.Л. Гапкаирова (сағат 10: 00-ден 11: 00-ге дейін);
- проктолог Б.А.Шелехова (08: 00-ден 09: 30-ға дейін);
- сондай-ақ подологты тексеру көзделген.
Келушілерге келесі диагностикалық процедуралар қолжетімді болады:
- аяқ-қол тамырларының УДЗ;
- оптикалық когерентті томография (ОКТ);
- қан мен зәрдің жалпы талдауы;
- гликирленген гемоглобинге қан талдауы;
- қандағы глюкоза деңгейін анықтау.
Бұдан басқа, қалағандар қан қысымын өлшеп, қант диабеті асқынуларының алдын алу және табанды дұрыс күту бойынша ұсыныстар ала алады.
Алдын ала жазылу міндетті. Жазу үшін телефондар: (8-7212) 94-04-77; 8-778-003-71-47.
Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Сәкен Сейфуллин даңғылы, 17.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні 14 қарашада атап өтіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









