Алматыда түрлі жастағы спортшылар арасында суға секіруден Қазақстан чемпионаты өтті. Қарағанды облысының өкілдері жоғары нәтижелер көрсетіп, жалпы алғанда 17 медаль жеңіп алды: алты алтын, бес күміс және алты қола.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
- Тимур Гасюль, Азия чемпионатының 13 жасар жүлдегері, – екі алтын және бір қола медаль;
- Никита Малиновский – екі алтын медаль;
- Михаил Балықин – бір алтын және екі күміс медаль;
- Арина Дементьева – бір алтын медаль;
- Алина Тамабаева – екі күміс және бір қола медаль;
- Аурика Калараш – бір күміс және екі қола медаль;
- Ева Мох пен Дарья Тарасова – бір қола медальдан.

Осылайша, қарағандылық спортшылар республикалық чемпионатта облыстың намысын лайықты қорғап, өңірдің қоржынын 17 марапатпен толықтырды.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









