Жетісу облысында Жайпақ станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

    1 / 4

    Жетісу облысында1999жылы салынғанЖайпақ станциясының теміржол вокзалынқайта жаңғыртужұмыстары аяқталды.Жүргізілген жөндеунәтижесіндевокзалғимараты жаңартылып,жолаушыларинфрақұрылымы абаттандырылды.

    Нысанды жөндеуМемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша жүзеге асырылыпжатқан еліміздегі124теміржол вокзалынреконструкциялау және жаңғырту жөніндегіауқымды бағдарлама аясында орындалды.

    Қайта жаңғыртуданкейін бір қабаттығимараттың жалпы ауданы105шаршы метрдіқұрайды.Нысанныңқасбетіменішкі бөлмелеріжаңартылып,жолаушыларперроныабаттандырылды.Қасбеті сәндік сылақпенәрленіп,іргетасының сыртқы бөлігі гранитпенқапталды, аледенге керамогранит төселді.

    Қауіпсіздік мәселелерінедеерекше назараударылды.Қосымша эвакуациялық жолдаржабдықталып,өрт қауіпсіздігі талаптарынасәйкес есіктер орнатылды.Құрылысжұмыстары барысында отандық өндірістіңқұрылыс материалдары пайдаланылды.

    Жайпақ станциясыныңвокзалы IIIсанатқажатады. Станцияарқылы Достық жәнеЖалаңашкөл станцияларымен көлік қатынасынқамтамасыз ететін екі жолаушылар пойызыжүреді.

    Теміржол вокзалдарын жаңғыртубағдарламасын іске асыру жолаушыларинфрақұрылымын жаңартуға,жайлылықпенқауіпсіздік деңгейін арттыруға,сондай-ақжолаушыларға қызмет көрсету сапасынжақсартуға бағытталған.

    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары