Қазақстан Елшісі Молдова СІМ-нің Бас хатшысымен кездесті

    1 / 3

    2026жылғы5қараша– ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков МР Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Думитру Соколанмен кездесті.

    Тараптар Қазақстан мен Молдова тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өзара құттықтау білдірді. Саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

    А.Айдарбеков сұхбаттасушыны Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен, Құрылтай сайлауының қорытындыларымен және мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды. Елші сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері мен одан әрі даму басымдықтары туралы баяндады.

    Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ел халқына Жолдауына ерекше назар аударылды. Негізгі бағыттар қатарында инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу атап өтілді. Аталған шаралардың тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғаны көрсетілді.

    Д.Соколан Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ашық диалогқа дайын екенін білдірді. Экономикалық мәселелер өзінің қызметтік міндеттеріне кіретінін атап өткен сұхбаттасушы сауда мен инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік танытты. Осыған байланысты екі елдің бейінді ведомстволары мен іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге деген ортақ ниетін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары