САРЫӨЗЕКТЕ ЖАҢА, ЗАМАНАУИ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ!

    1 / 4

    2026 жылдың 6 қараша күні Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында жаңа, заманауи теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Салтанатты шараға аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы, «Сарыозексервис» құрылыс компаниясының бас директоры Бекбергенов Жанахмет Әбілмәжінұлы, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Рысбеков Бөкен Кәбиұлы, теміржол саласының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Іс-шара барысында құттықтау сөздер айтылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін қонақтар жаңа вокзал ғимаратымен танысты.

    Жаңа вокзал – өңір инфрақұрылымын дамытуға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды нысан.

    Жаңа вокзал – жаңа мүмкіндіктердің бастауы!

    Сарыөзек жұртына қуаныш сыйлаған игі жаңалық құтты болсын! Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етіп, әрбір сапар сәттілікке ұлассын!

    Жолдарыңыз ашық, сапарларыңыз сәтті болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кербұлақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары