"Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
2026 жылғы 06 қарашада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақтүбек ауылында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін анықтау және оларға заң аясында көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарынан құқықтық кеңес алып, заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер алды. Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға және тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









