"Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты, Ақтүбек ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және Аналар кеңесінің төрайымының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттар мен алға қойылған міндеттер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық елді мекендердің өркендеуі және қоғамдағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттардың маңыздылығын атап өтіп, оны жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігі маңызды екенін жеткізді.








