2026 жылы қазақстандықтар eGov арқылы 51 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алды

    2026 жылдың он айында қазақстандықтар 51,1 млн-нан астам мемлекеттік қызметті онлайн форматта алды. Оның ішінде 32,7 млн-нан астамы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, ал 18,3 млн-нан астамы eGov.kz порталы арқылы көрсетілді. Осылайша, барлық қызметтердің дерлік үштен екісін пайдаланушылар смартфон арқылы алды.

    Бүгінде eGov Mobile қосымшасында 1 100-ден астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Қосымшада анықтамалар мен құжаттарды алуға, түрлі өмірлік жағдайларға байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ цифрлық құжаттарды пайдалануға болады.

    Қазіргі уақытта қосымшада 40 цифрлық құжат қолжетімді, соның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, студенттік билет және т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда оларды қағаз түріндегі түпнұсқалармен тең дәрежеде пайдалануға болады.

    Мобильді қосымшамен қатар, eGov.kz порталы мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі арналарының бірі болып қалуда. 2026 жылы цифрлық қызметтерді көрсетуге жаңа тәсілді қарастыратын eGov 3.0-ға кезең-кезеңімен көшу басталды. Жаңартылған платформа пайдаланушылардың мемлекеттік сервистермен ыңғайлырақ өзара әрекеттесуіне, қызметтерді алу процестерін жеңілдетуге және проактивті әрі интеллектуалды шешімдерді одан әрі дамытуға бағытталған.

    «Бүгінде цифрлық мемлекеттік қызметтер қазақстандықтардың күнделікті өмірінің әдеттегі бөлігіне айналды. Азаматтардың көбі онлайн форматты таңдауда, өйткені ол қажетті мәселелерді тез әрі ыңғайлы шешуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – қызметтерді жай ғана цифрлық форматқа көшіру емес, оларды алуды барынша қарапайым, түсінікті және ыңғайлы ету. Осы бағытта пайдаланушыларға өз жағдайларын қарапайым тілмен сипаттау арқылы қажетті ақпаратты табуға және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелерін түсінуге көмектесетін eGov GPT сияқты интеллектуалды шешімдер де дамып келеді»,– деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Шыңғыс Оразалимов атап өтті.

    Кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистер де дамып келеді. 2026 жылдың он айында eGov Business қосымшасы арқылы 1,8 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қосымшаның ай сайынғы аудиториясы 46 мың пайдаланушыдан асады, ал күнделікті белсенді аудиториясы шамамен 5,3 мың кәсіпкерді құрайды.

    Кәсіпкерлер арасында жеке тұлғаның заңды тұлғаларда, филиалдар мен өкілдіктерде қатысуы туралы анықтама алуға сұраныс ең жоғары – 703 мыңнан астам рет. Сондай-ақ, тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы мәліметтерді ұсыну 470 мыңнан астам рет, ал заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама 267 мыңнан астам рет алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары