ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШАРА

    1 / 3

    Бүгін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиынға қатынасты.

    Шараға қатынасқан өңірлік білім саласының ардагерлері мен ұстаз қауымын Атырау облысы әкімі Болат Ақшолақов шын жүрегінен құттықтап, осы саланың дамуына айрықша үлесі үшін бір топ мұғалімдерді мемлекеттік наградалар мен облыс әкімің Алғыс хатымен марапаттады.

    Солардың бірі - ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі Сараптама кеңесінің мүшесі, білім және құқыққорғау салаларының ардагері Ания Тулешованың көп жылдық ұстаздық еңбегі “Еңбек ардагері” медалімен бағаланды.

    Біз әріптесіміз Ания Аханқызын үлкен марапатқа ие болуымен құттықтаймыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары