«ТӘУЕЛСІЗ ӨМІР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА.....

    1 / 7

    Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік пен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар комиссия мүшелері «Тәуелсіз өмір» жобасы аясында өткен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Атырау бөлімшесі қызметкерлерімен профилактикалық кездесуге қатысты.

    Бұл іс-шара Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қормен ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында салуатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық, лудомания және құқықбұзушылықтың алдына-алу мәселелері талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

    Шараға «Тәуелсіз өмір» қозғалысының өкілдері, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатынасты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары