Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның сауда павильондары мен серіктес дүкендерінде картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат тұрақтандыру бағасымен сатыла бастады. Жыл сайын қараша мен мамыр айлары аралығында аталған көкөністер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырудың қолданыстағы тетігі шеңберінде өткізіледі. Биыл көкөністерді сату 2 қараша, дүйсенбі күнінен басталды.
Өнімдерді жеткізу мақсатында ӘКК жергілікті өндірушілермен жалпы көлемі 3 650 тонна картоп, 840 тонна сәбіз, 590 тонна пияз және 880 тонна қырыққабат жеткізу бойынша келісімшарттар жасасты. Аталған көлемдер қала тұрғындарының осы өнімдерге деген үш айлық қажеттілігінің шамамен 30 пайызын қамтамасыз етеді.
Өнімдердің сату бағасы төмендегідей белгіленген:
• картоп – 224 теңге/кг;
• сәбіз – 206 теңге/кг;
• пияз – 133 теңге/кг;
• қырыққабат – 193 теңге/кг.
Белгіленген бағалар Өскемен қаласы бойынша қалыптасқан орташа ресми бағалардан төмен.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









