Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы.

    1.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қай сәттен бастап тағайындалады?

    Жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш жәрдемақыға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

    Жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындау туралы өтініш берген күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы жәрдемақыны тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

    2.Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері неге байланысты?

    Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, сондай-ақ мүгедектік тобына және аурудың себебіне байланысты.

    (2026 жылының жәрдемақы мөлшерлері)

    жалпы ауруы бойынша 1-топтық мүгедектігі бар тұлғаларға – 2,20 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 111873 теңге;

    жалпы ауруы бойынша 2-топтық мүгедектігі бар тұлғаларға – 1,76 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 89498 теңге;

    жалпы ауруы бойынша 3-топтық мүгедектігі бар тұлғаларға – 1,20 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 61022 теңге;

    жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 81871 теңге;

    7-18 жас аралығындағы 1 топтық мүгедектігі бар балаларға – 2,20 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 111873 теңге;

    7-18 жас аралығындағы 2 топтық мүгедектігі бар балаларға – 1,83 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 93058 теңге;

    7-18 жас аралығындағы 3 топтық мүгедектігі бар балаларға – 1,61 күнкөріс деңгейінің мөлшері немесе 81871 теңге

    3.Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беру тәсілдері:

    - мемлекеттік корпорация арқылы, яғни ХҚКО;

    - E-gov порталы арқылы;

    - «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы проактивті қызмет көрсету жолымен

    4. Мүгедектік бойынша жәрдемақы қалай төленеді?

    Жәрдемақы төлеу Мемлекеттік корпорациямен келесі жолдармен жүзеге асырылады:

    - екінші деңгейдегі банктердің банк шоттарына аудару арқылы;

    - «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алушылардың үйіне жеткізу арқылы.

    Алушының банк шотының нөмірі, төлеу тәсілі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге осы өзгерістер туралы өтініш беріледі.

    Жәрдемақыны үйге жеткізу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

    - сексен жасқа толған жәрдемақы алушыларға;

    - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

    - бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулығының жай-күйіне байланысты жәрдемақы беретін ұйымдарға бара алмайтындығы туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға.

    5.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

    Жәрдемақы тағайындау мерзімі Мемлекеттік корпорацияда барлық қажетті құжаттармен өтініш тіркелген күннен бастап немесе проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.

    https://www.instagram.com/reel/DfYpPFwvJXT/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары