2026 жылғы 5 қарашада Әділет департаменті «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен және Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасымен бірлесіп географиялық нұсқамаларды (ГН) анықтау және тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шараға Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының және Қостанай облысы кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға географиялық нұсқамалардың маңызы, оларды тіркеу шарттары мен құқықтық қорғау тетіктері түсіндірілді.
Географиялық нұсқама — бұл өңірлік өнімнің бірегей сипаттамаларын, беделін және белгілі бір аумақпен байланысын айқындайтын, оны жылжытудың тиімді құралы.
Семинар барысында географиялық нұсқама ретінде тіркелуге үміткер бола алатын әлеуетті өнімдерді, соның ішінде ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдерін, сондай-ақ халықтық көркем қолөнер және дәстүрлі кәсіпшілік өнімдерін анықтауға ерекше назар аударылды.
Семинардың мақсаты — әлеуетті географиялық нұсқамаларды анықтау, қажетті ақпаратты жинау және оларды одан әрі тіркеуге жәрдемдесу үшін мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер қауымдастығының және жергілікті өндірушілердің күш-жігерін біріктіру.
Географиялық нұсқамаларды дамыту — бұл өңірлердің бірегейлігін ашуға, отандық өндірушілерді қолдауға және жергілікті өнімді Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал етуге берілген мүмкіндік!
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









