2026 жылғы 5 қарашада Құқықтық түсіндіру жұмыстары және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Балгүл Кудесова, осы бөлімінің бас маманы Шолпан Мухамеджанова, сондай-ақ Қостанай қаласының Мәжбүрлеп орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімінің басшысы Райхан Тлеубаева «Жоғары медицина колледжі» КМК оқытушылары үшін семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының нотариат қызметі мәселелері бойынша заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда нотариустың атқарушы жазбаны жасау тәртібі, сондай-ақ оны одан әрі мәжбүрлеп орындау ерекшеліктері қарастырылды.
Қатысушыларға негізгі құқықтық ережелер, жаңа заңнамалық нормаларды қолдану тәртібі және атқарушы өндіріс аясындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңды білу — өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғаудың кепілі!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









