Павлодар облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңа тарихи кезеңдегі: өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесулер өтуде.
Кездесулер барысында орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары өңір тұрғындарымен ел дамуының негізгі бағыттарын, алдағы әлеуметтік өзгерістерді және отандық экономиканың даму перспективаларын талқылауда.
Осындай кездесулердің бірі Торайғыров университетінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылым депутаттары Жарқынбек Амантай, Илья Теренченко, Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық бастамаларды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Вера Ким, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев және Энергетика вице-министрі Ильяс Нәсенұлы қатысты.
Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттер, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары және оларды іске асыру тетіктері жөнінде пікір алмасу өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









