Мемлекеттік мекемелер тексерілді

    1 / 10

    Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас мамандары Ұлжан Бөрібаева мен Назгүл Абиханова «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы бойынша Қарағанды облысында 2026 жылдың екінші жартыжылдығында 15 мемлекеттік мекемеге мерзімді тексеру жүргізіп, қорытындылады.

    Жоспарға сәйкес мерзімді тексерумен келесі мекемелер қамтылды:

    🔹 «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының туризм басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»;

    🔹 «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»;

    ✅ «Балқаш қаласы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Абай ауданы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Нұра ауданы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Саран қаласы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Приозерск қаласы әкімінің аппараты»;

    ✅ «Шет ауданы әкімінің аппараты».

    Тексеру барысында іс қағаздарын жүргізу тілі, электрондық құжат айналым, сондай-ақ ресми сайт, көрнекі ақпараттың заңнама талаптарына сәйкес ресімделуі тексерілді. Анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді.

    #ҚарағандыОблысыныңТілдердіДамытуЖөніндегіБасқармасы #МемлекеттікТіл

    #МерзімдіТексеру

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары