ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

    ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

    Ақмола облысының Қосшы қаласында 28 қазан мен 1 қараша аралығында жекпе-жек спорт түрінен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне қатысқан Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 11 медальға қол жеткізді.

    Жарыста 15-17 жас санатында 49 келі салмақта өнер көрсеткен Аян Айтжан, +73 келі салмақта сынға түскен Бағлан Орынбасар және 13-14 жас санатында 43 келіде белдескен Назерке Жеңіс күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, түркістандық спортшылар арасынан 13-14 жас санатында 53 келіде Азамат Қалданбек пен Кәусар Сабит, 43 келіде Жасмина Бүтінбаева, +53 келіде Мадина Саттарова қола жүлдеге ие болды. Ал 15-17 жас санатында 68 келіде Жасұлан Ермекбай, 73 келіде Рысдәулет Серікбай, 48 келіде Фарида Тұрсымбай және Айзере Оразалы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары