Ақмола облысы Астанадағы жәрмеңкелер маусымын қорытындылады

    1 / 7

    Елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын Ақмола облысы түйіндеді. Тұрғындарға 50-ден астам түрлі өнім нарықтағы бағадан 10–15 пайызға арзан ұсынылды.

    Жәрмеңкеде өңірдің танымал өндірушілері өз өнімдерін таныстырып, сауда мерекелік концертпен, ұлттық ойындармен және ECO Birlik экологиялық акциясымен толықты.

    Бүгінде Ақмола облысы Астананың сүтке деген сұранысының 40 пайызын, еттің 30 пайызын және жұмыртқаның 80 пайызын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта өңірде ет кластері дамып, жаңа фермалар ашылады.

    Осылайша, жәрмеңке жергілікті өндірушілердің өнімін танытып, елорда тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтуға үлес қосты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары