ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

    1 / 4

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен идеологиялық кеңес отырысы өтті. Жиында өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттары талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.

    Жиында Ертай Алтаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, мәдениет және руханият салаларындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

    Сонымен қатар жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылатын «Есірткісіз болашақ» атты нашақорлыққа қарсы форумға дайындық барысы және он күндік профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспары қаралды.

    Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануына орай туристік әлеуетті арттыру, туроператорлармен байланысты нығайту және өңірге туристер тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.

    Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жүктелген міндеттердің орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтіп, идеологиялық бағыттағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары