2026жылғы1қыркүйектенбастапҚазақстандаҚРСТ1756-2026 «Саудақызметтері.Жалпыталаптар»ұлттықстандартыныңжаңаредакциясықолданысқаенгізілді.ҚұжаттыҚазақстанРеспубликасыныңСаудажәнеинтеграцияминистрлігіәзірледі.Жаңартылғанстандартсаудақызметтерінеқойылатынжалпыталаптардыбелгілейді.Соныменқатар,құжаттаалғашрет«әлеуметтікмаңызыбаразық-түліктауарларыныңкөтермежеткізушісі»және«тиімсізделдал»ұғымдарыныңаражігіажыратылды.
Айта кетейік, министрліктің негізгі міндеттерінің бірі - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушіден тұтынушыға жеткізу барысында артық делдалдарды азайту. Себебі кейбір делдалдар тауарды сақтамай, тасымалдамай немесе басқа да қызмет көрсетпей, тек қайта сату арқылы оның бағасын қымбаттатуы мүмкін.
Жаңа стандарт нақты қызмет көрсететін көтерме жеткізушілер мен тауарды ешқандай қосымша жұмыс атқармай қайта сататын делдалдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
Стандартқа сәйкес, көтерме жеткізуші-тауарды өндірушіден, импорттаушыдан немесе басқа көтерме жеткізушіден сатып алып, оны әрі қарай сататын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға. Бұл ретте тауар бағасына нақты көрсетілген қызметтерге байланысты шығындар қосылуы мүмкін.Мәселен, тауарды тасымалдау, сақтау, жеткізу, қойманы жалға алу, тиеу және түсіру, қаптау, коммуналдық төлемдер.
Ал тиімсіз делдал- тауарды сақтау, тасымалдау, өңдеу, қаптау немесе тұтынушыға жеткізуге байланысты нақты қызмет көрсетпей, оны тек қайта сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі.
Стандарттың 4.4-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу тізбегіне нақты шығындары арқылы қосымша құн қалыптастыратын көтерме жеткізушілер ғана қатыса алады. Ал ешқандай нақты қызмет көрсетпейтін тиімсіз делдалдардың мұндай тізбекке қатысуына жол берілмейді.
Жаңартылған стандарттың мақсаты - азық-түлік бағасының қалыптасуын ашық ету, адал бәсекелестікті дамыту және тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолындағы артық делдалдарды қысқарту.
Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуін тежеуге, жеткізу жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








