Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасын көтерді.
Президенттің айтуынша, цифрлық дәуірдің күрделі сын-қатерлеріне қарамастан, Қазақстанның негізгі мақсаты – жаңа тұрпатты мемлекет қалыптастыру.
Осы мақсатта келесі жылы еліміздің барлық өңірінде ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, жолдар мен әуежайлар, вокзалдар, ауруханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және тұрғын үйлер салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік нысандар құрылысын жандандырудың маңыздылығына назар аударды.
Президенттің сөзімен айтқанда, «Жасанды интеллект дәуіріне жауабымыз – құрылыс жүргізу».
Бастама аясында ел өңірлеріндегі инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берілмек.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






