«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кездесу өткізілді

    2026 жылдың 29 қазанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік қызметтің конституциялық кепілдіктері және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне арналған іс-шара өтті.
    Сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының кәсіпкерлік қызмет үшін маңызы бар ережелері, сондай-ақ бизнесті құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
    Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың конституциялық негіздеріне, заңдылық қағидатын сақтауға, меншік құқығын қорғауға және адал бәсекелестікті дамытуға қажетті құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Конституциялық қағидаттар мен заңнама талаптарын сақтау бизнестің тұрақты дамуының және оның қатысушыларының құқықтарын қорғаудың маңызды шарты болып табылады.
    Баяндаманың жеке бөлігі кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құқықтық құралдарының бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, тауар белгілерін құқықтық қорғау, оларды заңсыз пайдалануға жол бермеу, құқық иеленушілердің айрықша құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдердің таралуының алдын алу мәселелері қарастырылды.
    Зияткерлік қызмет нәтижелері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдары, сондай-ақ авторлық құқық объектілері бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновацияларды дамытуға және отандық брендтерді ілгерілетуге ықпал ететін маңызды материалдық емес активтер екені атап өтілді.
    Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау заңнама талаптарын сақтауды ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің өзге тұлғалардың зияткерлік меншік объектілерін заңды пайдалануына жауапкершілікпен қарауын, сондай-ақ өз әзірлемелері мен брендтерін құқықтық қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауын көздейді.
    Осындай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін нығайтуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары