Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 23-3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспеге орыс тілде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
мәслихаттың, оның органдары мен аппаратының қызметін ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
мәслихат қызметіне қатысты талдамалық және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін жіберу және олардың құқықтық мониторингін жүргізу;
мәслихат шешімдерінің орындалуына мониторингті ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру және мәслихат төрағасын нәтижелер туралы хабардар ету;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда практикалық көмек және жәрдем көрсету;
мәслихат сессияларының отырыстарына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және депутаттарға шешімдердің, комиссия қорытындыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
мәслихаттың регламентіне сәйкес сессияның хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын рәсімдейді;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
петициялармен жұмыс жүргізуге мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
қажет болған жағдайда петицияларды электрондық және (немесе) қағаз түрінде беру мәселелері бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсету;
мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіреді.
материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







